2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 9 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 қаңтарда № 7223 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ергешбаев

  Аудан әкімі 2020 жылғы 24 қаңтары № 9 қаулысына қосымша

2020 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан)

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

74

2

2

2

"Қазалы ауданының білім бөлімінің №170 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

97

2

2

3

"Әйтеке би кенті әкімі аппаратының №11 "Балапан" бөбекжай – балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

72

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады