"2020-2022 жылдарға арналған Құмжиек ауылдық округінің бюджеті туралы Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №362 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 417 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 мамырда № 7433 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2020-2022 жылдарға арналған Құмжиек ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 362 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7102 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2020-2022 жылдарға арналған Құмжиек ауылдық округі бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 75891,8 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 2111 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 73780,8 мың теңге;

      2) шығындар – 75891,8 мың теңге, оның ішінде;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0.".

      3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) мәдениет саласы 6027,7 мың теңге.".

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2) абаттандыруға, жарықтандыруға 15970,1 мың теңге.".

      Аталған шешімнің 1 - қосымшаcы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазалы аудандық мәслихатының
кезектен тыс LIII сессиясының төрағасы
Ғ. ӘЛІШ
      Қазалы аудандық
мәслихат хатшысы
К. НАЗЫМБЕКОВ

  Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 мамыры №417 шешіміне қосымша
  Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №362 шешіміне 1 қосымша

2020 жылға арналған Құмжиек ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




1. Кірістер

75891,8

1



Салықтық түсімдер

2111


04


Меншiкке салынатын салықтар

2111



1

Мүлiкке салынатын салықтар

15



3

Жер салығы

103



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1993

4



Трансферттердің түсімдері

73780,8


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

73780,8



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

73780,8

Функционалдық топ



Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi



Бағдарлама




Атауы




2. Шығындар

75891,8

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

31754


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

31754



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

31399



022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

355

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

21112,1


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

21112,1



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

1976



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

500



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

18636,1

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

22143,7


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

22143,7



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

22143,7

12



Көлiк және коммуникация

882


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

882



013

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

882




3. Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. Қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатыпалу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

0




6.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады