"2020-2022 жылдарға арналған Ақжона ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №353 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 456 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 7617 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2020-2022 жылдарға арналған Ақжона ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 353 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7108 нөмірімен тіркелген, 2020 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2020-2022 жылдарға арналған Ақжона ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 71791 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1321 мың теңге;

      трансферттер түсімдері – 70470 мың теңге;

      2) шығындар – 71791 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0.".

      2-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) абаттандыруға, жарықтандыруға 34072 мың теңге.".

      Аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазалы аудандық мәслихатының кезектен тыс LХIIІ сессиясының төрағасы Ж. КОЛАНОВА
      Қазалы аудандық мәслихат хатшысы К. НАЗЫМБЕКОВ

  Қазалы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 24 тамызы
  № 456 шешіміне қосымша
  Қазалы аудандық мәслихатының
  2019 жылғы 26 желтоқсандағы
  № 353 шешіміне 1-қосымша

2020 жылға арналған Ақжона ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




1. Кірістер

71791

1



Салықтық түсімдер

1321


01


Табыс салығы

66



2

Жеке табыс салығы

66


04


Меншiкке салынатын салықтар

1255



1

Мүлiкке салынатын салықтар

11



3

Жер салығы

109



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1135

4



Трансферттердің түсімдері

70470


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

70470



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

70470

Функционалдық топ



Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi



Бағдарлама




Атауы




2. Шығындар

71791

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

22814


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

22814



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

21454



022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

108



032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

1252

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

35984


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

35984



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

921



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

300



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

34763

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

12993


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

12993



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

12993




3. Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

0




6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады