Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 11 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 7211 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қорытындысына сәйкес Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би кентінің келесі көшелеріне:

      1) №2 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Бекет Сарқұлов" есімі;

      2) №2 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Құрманбай Баймаханов" есімі;

      3) №3 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Қобылаш Жаймұратов" есімі;

      4) №4 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Тілеп Қорабайұлы" есімі;

      5) №4 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Сырыш Нұрқатов" есімі;

      6) №6 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Жұмамұрат Бекмамбетов" есімі;

      7) №3 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Тұмар ханым" есімі;

      8) №3 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Нурила ана" есімі берілсін.

      2. Әйтеке би кентінің Дәстен Оразымбетов есімімен қайталанатын екінші көше "Айдарбек Табынбаев" есімімен қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би кентінің әкімі К. ОРЫНБАСАРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады