"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №117 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 313 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 7366 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 16.02.2021 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 117 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5983 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай;

      Ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге - 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қосымша біржолғы төлем 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдерiне (күйеулерiне) - 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қосымша біржолғы төлем 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға - 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қосымша біржолғы төлем 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға, атап айтқанда:

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай біржолғы төлем 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;";

      16-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
К. Раева
      Қармақшы аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Наятұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады