"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 943 "Қармақшы ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6788 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 28 мамырда жарияланған) қаулысы жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қармақшы ауданының әкімі | М. Калдарбеков |