2020 жылға Жалағаш ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қаңтарда № 7210 болып тіркелді.

      “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына және “Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес 2020 жылға Жалағаш ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сарсенбаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы №5 қаулысына 1-қосымша

2020 жылға Жалағаш ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 30.07.2020 № 104 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік
саны
(адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
(адам)

1

“Бірлік-А” шаруа қожалығы

15

6,6

1

2

“Бірлік-1”
шаруа қожалығы

10

10,0

1

3

“Туған жер” шаруа қожалығы

10

10,0

1


БАРЛЫҒЫ



3


  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы №5 қаулысына 2-қосымша

2020 жылға Жалағаш ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 30.07.2020 № 104 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік
саны
(адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

“Ер-Әлі”
шаруа қожалығы

35

2,85

1


БАРЛЫҒЫ



1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады