2021 жылға Жалағаш ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 185 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 7935 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 26.08.2021 № 158 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес 2021 жылға Жалағаш ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі А. Шаменов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 185
  қаулысына 1-қосымша

2021 жылға Жалағаш ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік
саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз)

1

“Ақниет” сауда үйі

60

1,67

2

“Нартай” сауда үйі

10

10,0

3

“Ер-Әлі” шаруа қожалығы

35

2,85

4

“Сыр Арна” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15

6,6

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 185
  қаулысына 2-қосымша

2021 жылға Жалағаш ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік
саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз)

1

“Ақниет” сауда үйі

60

1,67

2

“Нартай” сауда үйі

10

10,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады