2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 120 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 ақпанда № 7241 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі С. Макашов

  Жаңақорған ауданының әкімі
2020 жылғы 6 ақпаны № 120
қаулысына 1-қосымша

2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (пайыз) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қазақстан" шаруа қожалығы

12

8,3

1

2

"Азнабаев А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20

5

1

3

"Мырзабай" шаруа қожалығы

20

5

1

4

"Тасболат-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

12

8,3

1

5

"Самат" шаруа қожалығы

12

8,3

1

  Жаңақорған ауданының әкімі
2020 жылғы 6 ақпаны № 120
қаулысына 2-қосымша

2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (пайыз) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Сарман-Тастақ-Жанакорған" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

13

7,7

1

  Жаңақорған ауданының әкімі
2020 жылғы 6 ақпаны № 120
қаулысына 3-қосымша

2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (пайыз) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі" оммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

194

1

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады