"Қаратөбе ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 403 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мерзімі біткен
Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 553 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 7825 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Респубикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 109-1-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Респубикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қаратөбе ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 403 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7198 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 21 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"1. Қаратөбе ауылдық округінің 2020–2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кірістер- 97 800,5 мың теңге; оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 792 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 142,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімдері – 95 866 мың теңге;
2) шығындар – 97 800,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 0:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;
6) бюджет тапшылығы қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0.".