"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 50 ұсынысына сәйкес Жаңақорған кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің М. Көкенов көшесіндегі № 158, 160, 164 тұрғын үйлер ауласына иттер арасында жануарлардың құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Жаңақорған кент әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Е. Сейлов |