"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастикалық комиссияның 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қортындысына сәйкес Жаңақорған кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің:
1) Саяжай шағын ауданындағы № 1 көшеге "Мырзахан Өскенбаев" есімі;
2) Саяжай шағын ауданындағы № 2 көшеге "Ысқақ Жолдыбайұлы" есімі;
3) Қорғантоғай шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Қожахмет Ауанов" есімі;
4) Ипподром № 13 көшеге "Файзулла Козбаев" есімі;
5) Саяжай шағын ауданындағы № 12 көшеге "Мәденбек Абылаев" есімі;
6) Тәуелсіздік даңғылымен параллель орналасқан атауы жоқ көшеге "Бекмахан Дүйсенбаев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған кент әкімі | Е. Сейлов |