"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қортындысына сәйкес Кейден ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кейден ауылдық округінің Аққұм ауылындағы келесі көшелері:
1) Теміржол көшесі - "Сұлтан Өтегенов" есімімен;
2) Аққұм көшесі - "Сайынбай Базарбаев" есімімен қайта аталсын.
2. Кейден ауылдық округінің Аққұм ауылындағы атауы жоқ көшеге "Нұртас Нарымбетов" есімі берілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Б. Токтыбаев |