"Шиелі ауданы бойынша салық салу объектісін елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Шиелі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қазандағы №477 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 45 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 маусымда № 7519 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шиелі ауданы бойынша салық салу объектісін елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Шиелі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 477 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6939 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданының әкімі К. Мубараков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      Министрлігі Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қызылорда облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Шиелі ауданы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы"

      Республикалық мемлекеттік мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады