Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Гигант ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 27 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 мамырда № 7480 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 және 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 3 қорытындыларына сәйкес Гигант ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Гигант ауылдық округі Бидайкөл ауылының келесі көшелеріне:

      1) атауы жоқ көшеге "Жүсіпов Раш" есімі;

      2) атауы жоқ көшеге "Досжанов Әбдіқалық" есімі;

      3) атауы жоқ көшеге "Леонтий Хан" есімі;

      4) атауы жоқ көшеге "Мәлике Басанова" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Гигант ауылдық округінің әкімі Ж. Ақбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады