"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 қорытындысына сәйкес Жиделіарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жиделіарық ауылдық округі Жиделіарық ауылының келесі көшелеріне:
1) № 1 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Достық" атауы;
2) № 8 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Бейбітшілік" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жиделіарық ауылдық округінің әкімі | Е. Абилдашев |