"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 қорытындысына сәйкес Қарғалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы ауылдық округі, Бұланбай бауы ауылының атауы жоқ көшесіне "Айтуғанов Батырхан" есімі берілсін.
2. Шешімнің орындалуын бақылау "Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Н.Шегебаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы | Д. Әбуов |