Маңғыстау облысы бойынша 2020 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 36/432 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 маусымда № 4226 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су Кодексінің 38 бабының 5 тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2020 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Дүйсенбаев
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2020 жылғы 29 мамырдағы
  № 36/432 шешіміне
  қосымша

Маңғыстау облысы бойынша 2020 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Арнаулы су пайдалану түрлері

Өлшем бірлігі

Ставкалар (теңге)

1

2

3

4

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

58,65

2

Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде

1000 текше метр

167,80

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

56,10

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

54,16

5

Су көлігі

1000 текше метр

28,58


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады