Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 229 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20991 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 17 "2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4132 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2020 жылғы 14 қазаны | |
№ 171 қаулысына қосымша | |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2020 жылғы "12" ақпандағы | |
№ 17 қаулысымен бекітілген |
2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлем, бас/ килограмм | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Қой шаруашылығы | ||||
1 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: қойлардың асыл тұқымды аналық басы | 4 000 | 4 264 | 17 056,0 |
2 | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | 15 000 | 10 | 150,0 |
Барлығы: | 17 206,0 | |||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1 | Етті, етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | 150 000 | 2 | 300,0 |
Барлығы: | 300,0 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1 | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | 100 000 | 20 | 2 000,0 |
Барлығы: | 2 000,0 | |||
Қосымша қаражат есебінен: | ||||
1 | Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату: | |||
Ірі қара малдың аналық басы | 30 000 | 378 | 11 340,0 | |
Ұсақ малдың аналық басы | 5 000 | 4 453 | 22 265,0 | |
Жылқының аналық басы | 20 000 | 709 | 14 180,0 | |
Түйелердің аналық басы | 20 000 | 542 | 10 840,0 | |
2 | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | 55 | 25 000 | 1 375,0 |
Барлығы: | 60 000,0 | |||
Мақұлданған өтінімдер бойынша: | ||||
Қой шаруашылығы | ||||
1 | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | 8 000 | 128 бас | 1 024,0 |
Барлығы: | 1 024,0 | |||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 20 000 | 117 бас | 2 340,0 |
2 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: ірі қара малдың тауарлық аналық басы | 10 000 | 225 бас | 2 250,0 |
3 | Етті, етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу |
|
|
|
Барлығы: | 10 290,0 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1 | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | 100 000 | 38 бас | 3 800,0 |
Барлығы: | 3 800,0 | |||
Түйе шаруашылығы | ||||
1 | Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу | 100 000 | 13 бас | 1 300,0 |
Барлығы: | 1 300,0 | |||
Жиынтығы: | 95 920,0 |