Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 46/515 "Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 47/527 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қыркүйекте № 4272 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 05-14-1228 ақпараттық хаты негізінде, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 46/515 "Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4251 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тілдегі 1 қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі 1 қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы И. Калдаманов).

      3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э. Утеев
      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы С. Мыңбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады