Бейнеу ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 39 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 ақпанда № 4133 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "Бейнеу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Демократұлы) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Бейнеу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Б. Әзірхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Абилов

  Бейнеу ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 14 ақпандағы
  № 39 қаулысына қосымша

Бейнеу ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 12.10.2020 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы топтар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы бір айдағы ата-ананың төлемақысының мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке

мемлекеттік

жеке

мемлекеттік

жеке

1.

1-ден 3-ке дейінгі топтар

333

50

31810

31810

3 жасқа дейін – 8567;
3-тен 7 жасқа дейін-10690

3-тен 7 жасқа дейін-10690

2.

4-тен 5-ке дейінгі топтар

168

90

31810

31810

3 жасқа дейін – 8567;
3-тен 7 жасқа дейін-10690

3-тен 7 жасқа дейін-10690

3.

6-дан 7-ге дейінгі топтар

1155

0

31810

0

3 жасқа дейін – 8567;
3-тен 7 жасқа дейін-10690

0

4.

8-ден 9-ға дейінгі топтар

360

0

31810

0

3 жасқа дейін – 8567;
3-тен 7 жасқа дейін-10690

0

5.

10 және одан да көп топтар

280

0

31810

0

3 жасқа дейін – 8567;
3-тен 7 жасқа дейін-10690

0


Барлығы

2296

140

х

х

х

х


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады