Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 39 "Бейнеу ауданы бойынша 2020 жылғы арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 280 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 қазанда № 4316 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 05-14-1446 ұсынысының негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бейнеу ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 39 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4133 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бейнеу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Демократұлы) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Р. Шалбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р. Шалбаев

  Бейнеу ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 12 қазаны
  № 280 қаулысына қосымша
  Бейнеу ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 14 ақпандағы
  № 39 қаулысына қосымша

Бейнеу ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы топтар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы бір айдағы ата-ананың төлемақысының мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке

мемлекеттік

жеке

мемлекеттік

жеке

1.

1-ден 3-ке дейінгі топтар

333

50

31810

31810

3 жасқа дейін – 8567;
3-тен 7 жасқа дейін-10690

3-тен 7 жасқа дейін-10690

2.

4-тен 5-ке дейінгі топтар

168

90

31810

31810

3 жасқа дейін – 8567;
3-тен 7 жасқа дейін-10690

3-тен 7 жасқа дейін-10690

3.

6-дан 7-ге дейінгі топтар

1155

0

31810

0

3 жасқа дейін – 8567;
3-тен 7 жасқа дейін-10690

0

4.

8-ден 9-ға дейінгі топтар

360

0

31810

0

3 жасқа дейін – 8567;
3-тен 7 жасқа дейін-10690

0

5.

10 және одан да көп топтар

280

0

31810

0

3 жасқа дейін – 8567;
3-тен 7 жасқа дейін-10690

0


Барлығы

2296

140

х

х

х

х


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады