Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 44/354 "2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 54/428 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қазанда № 4299 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/443 "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 32/395 "2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4283 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 44/354 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4100 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 13 570 960,6 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер бойынша – 4 001 894,0 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер бойынша – 22 027,2 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 27 858,0 мың теңге;

      трансферттердің түсімдері бойынша – 9 519 181,4 мың теңге;

      2) шығындар – 14 476 528,3 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 82 717,0 мың теңге:

      бюджеттік кредиттер – 139 178,0 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 461,0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

      қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -988 284,7 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 988 284,7 мың теңге;

      қарыздар түсімі - 964 389,0 мың теңге;

      қарыздарды өтеу - 56 461,0 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 80 356,7 мың теңге.";

      3 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. 2020 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ және ауылдардың бюджеттеріне 989 092,6 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін, оның ішінде:

      Бейнеу ауылы – 620 020,2 мың теңге;

      Боранқұл ауылы – 127 143,5 мың теңге;

      Ақжігіт ауылы – 69 062,9 мың теңге;

      Есет ауылы – 22 947,0 мың теңге;

      Сам ауылдық округі – 20 982,0 мың теңге;

      Сарға ауылы – 39 885,0 мың теңге;

      Сыңғырлау ауылы – 20 129,0 мың теңге;

      Тәжен ауылы – 24 368,0 мың теңге;

      Төлеп ауылы – 24 820,0 мың теңге;

      Тұрыш ауылы – 19 735,0 мың теңге.";

      6 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Республикалық бюджеттен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1 326 590,0 мың теңге бөлінгені қаперге алынсын.";

      7 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Республикалық және облыстық бюджеттен келесідей ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттерінің және бюджеттік кредиттердің бөлінгені қаперге алынсын:

      мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 1 438 057,0 мың теңге;

      мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 546 839,0 мың теңге;

      мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 131 984,0 мың теңге;

      мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 10 559,0 мың теңге;

      мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге – 8 794,0 мың теңге;

      мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 38 000,0 мың теңге;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 505 832,0 мың теңге;

      Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 47 150,0 мың теңге;

      мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға – 139 178,0 мың теңге;

      "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 381 139,0 мың теңге;

      Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге – 219 000,0 мың теңге;

      аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге – 23 859,0 мың теңге;

      ішкі қарыздардың қаражаты есебінен облыстық бюджеттен - 825 211,0 мың теңге;

      ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша облыстық бюджеттен – 613 915,0 мың теңге;

      даму бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен – 74 756,0 мың теңге.";

      10 тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (К.Т.Таргынов).

      4. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж.Қайранов
      Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы А.Ұлұқбанов

  Бейнеу аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 28 қыркүйектегі
  № 54/428 шешіміне қосымша
  Бейнеу аудандық мәслихатының
  2019 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 44/354 шешіміне 1 қосымша

2020 жылға арналған аудандық бюджет

Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы





Атауы





1.КІРІСТЕР

13 570 960,6

1




САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР

4 001 894,0


01



Табыс салығы

824 361,0



1


Корпоративті табыс салығы

65 000,0



2


Жеке табыс салығы

759 361,0


03



Әлеуметтік салық

684 367,0



1


Әлеуметтік салық

684 367,0


04



Меншікке салынатын салықтар

2 374 533,0



1


Мүлікке салынатын салықтар

2 290 594,0



3


Жер салығы

10 924,0



4


Көлік құралдарына салынатын салық

72 148,0



5


Бірыңғай жер салығы

867,0


05



Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

33 123,0



2


Акциздер

6 900,0



3


Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер

15 700,0



4


Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар

10 222,0



5


Ойын бизнесіне салық

301,0


07



Басқа да салықтар

221,0



1


Басқа да салықтар

221,0


08



Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

85 289,0



1


Мемлекеттік баж

85 289,0







2




САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР

22 027,2


01



Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

16 817,2



1


Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

360,0



5


Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

16 395,0



7


Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

62,2


03



Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

26,0



1


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

26,0


04



Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

4 400,0



1


Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

4 400,0


06



Басқа да салықтық емес түсiмдер

784,0



1


Басқа да салықтық емес түсiмдер

784,0







3




НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР

27 858,0


01



Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

4 279,0



1


Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

4 279,0


03



Жерді және материалдық емес активтерді сату

23 579,0



1


Жерді сату

23 579,0







4




ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМДЕРІ

9 519 181,4


02



Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

9 519 181,4



2


Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер

9 519 181,4



Функционалдық топ

Сомасы, мың теңге


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама





Атауы





2. ШЫҒЫНДАР

14 476 528,3

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

1 050 166,0


112



Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты

27 235,0



001


Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

27 235,0








122



Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

231 021,0



001


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

231 021,0


459



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

1 352,0



003


Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу

1 352,0








458



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

63 140,0



001


Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

32 773,0



013


Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

30 367,0


459



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

609 401,0



001


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

43 960,0



113


Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

490 685,0



114


Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттер

74 756,0


475



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі

31 503,0



001


Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

31 503,0


486



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі

28 935,0



001


Жергілікті деңгейде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

28 935,0


801



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

57 579,0



001


Жергілікті деңгейде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі
қызметтер

57 579,0






02




Қорғаныс

58 288,0


122



Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

58 288,0



005


Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

10 469,0



006


Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

47 819,0







03




Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

9 639,0


458



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

9 639,0



021


Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету

9 639,0







04




Білім беру

9 920 927,0


464



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

8 920 663,0



009


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

291 878,0



040


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

40 189,0



003


Жалпы білім беру

8 449 617,0



006


Балаларға қосымша білім беру

138 979,0


802



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі

107 354,0



017


Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру

107 354,0


464



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

224 211,0



001


Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

31 554,0



005


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

161 156,0



007


Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс- шараларды өткiзу

17 578,0



015


Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған
баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі

13 923,0


467



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

668 699,0



024


Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

668 699,0







06




Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

1 174 027,0


801



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

1 165 327,0



004


Жұмыспен қамту бағдарламасы

191 165,0



009


Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

7 635,0



010


Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

510 897,0



011


Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

269 854,0



014


Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

61 180,0



017


Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну

17 364,0



018


Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

2 567,0



023


Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

57 515,0









050


Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту

47 150,0


458



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

8 700,0



094


Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру

8 700,0







07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

656 411,0


467



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

183 762,0



003


Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау

1 492,0



004


Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру

180 270,0



005


Коммуналдық шаруашылығын дамыту

1 000,0



058


Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

1 000,0


458



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

472 649,0



003


Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру

6 375,0



012


Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі

3 406,0



015


Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру

217 299,0



033


Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру

26 569,0



070


Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу

219 000,0







08




Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

415 995,0


802



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі

215 383,0



005


Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

215 383,0


802



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі

3 663,0



007


Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

732,0



008


Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

2 931,0


470



Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі

78 080,0



001


Жергiлiктi деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік оптимизімін қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

27 416,0



004


Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

48 085,0



005


Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

2 579,0


802



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі

118 869,0



001


Жергілікті деңгейде мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

17 876,0



004


Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

100 993,0







10




Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

111 580,0


467



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

18 083,0



010


Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту

18 083,0


459



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

29 084,0



099


Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру

29 084,0


475



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі

64 413,0



005


Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету

3 260,0



007


Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

5 475,0



012


Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу

737,0



013


Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

54 941,0







11




Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

27 737,0


467



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

27 737,0



001


Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

27 737,0







12




Көлiк және коммуникация

26 511,0


458



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

26 511,0



045


Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу

26 511,0







13




Басқалар

0,0


459



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

0,0



012


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві

0,0







14




Борышқа қызмет көрсету

62,2


459



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

62,2



021


Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету

62,2







15




Трансферттер

1 025 185,1


459



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

1 025 185,1



006


Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

1,5



038


Субвенциялар

989 092,6



054


Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару

36 091,0











3. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ

82 717,0





Бюджеттік кредиттер

139 178,0

10




Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

139 178,0


459



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

139 178,0



018


Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер

139 178,0







5




Бюджеттiк кредиттердi өтеу

56 461,0


01



Бюджеттік кредиттерді өтеу

56 461,0



1


Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

56 461,0











4. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

0,0


 06



Қаржы активтерін сатып алу

0,0

 6




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0,0

















5. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

-988 284,7











6. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТІН ПАЙДАЛАНУ)

988 284,7

7




Қарыздар түсімдері

964 389,0


01



Мемлекеттік ішкі қарыздар

964 389,0



2


Қарыз алу келісім-шарттары

964 389,0







16




Қарыздарды өтеу

56 461,0


459



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

56 461,0



005


Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу

56 461,0







8




Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

80 356,7


01



Бюджет қаражаты қалдықтары

80 356,7



1


Бюджет қаражатының бос қалдықтары

80 356,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады