Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 05-10-1774 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 45/361 "2020-2022 жылдарға арналған Боранқұл ауылының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 47/389 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4172 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағының үшінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді:
2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (К.Т.Таргынов).
4. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Азанов |
Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы | А. Улукбанов |