Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Тәжен ауылы әкімінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 01-05/11 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 4193 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Тәжен ауылы әкімінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 01-05/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Тәжен ауылы әкімінің 05.06.2020 № 01-05/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 01-19/59 ұсынысының негізінде Тәжен ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түйелердің арасында шешек ауруының пайда болуына байланысты Тәжен ауылының тұрғыны Ж. Илиясовтың жеке ауласына карантин белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (М. Жанғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тәжен ауылының әкімі Е. Таргынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады