Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 38/393 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 наурызда № 4161 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 8/73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 29.10.2021 № 8/73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, 20 - 1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы 1 тамыздағы №32/327 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3973 болып тіркелген, 2019 жылы 16 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Қуандық) жүктелсін.

      4. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге
      асырушы, аудандық мәслихат хатшысы А.Мееров

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 13 наурыздағы
  № 38/393 шешіміне қосымша

Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Баға, теңгемен
(ҚҚС жоқ)

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м 3

1429,63 теңге

Жеке тұлғалар

1 адам/айына

213,26 теңге

      Ескерту:

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС – қосылған құн салығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады