Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/184 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 наурызда № 3553 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексіне және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Д.Сабытова).

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ.Көшенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Мееров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Маңғыстау облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Оразов Бахыт Ыдырысұлы

      7 наурыз 2018 жыл

      "Қарақия аудандық жер қатынастары,

      сәулет және қала құрылысы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Таубаев Алпысбай Бұрханұлы

      7 наурыз 2018 жыл

  Қарақия аудандық мәслихатының
2018 жылғы 7 наурыздағы
№ 16/184шешіміне
қосымша

Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 27.10.2021 № 8/70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 38/394(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 8/97 "Құланды ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2250 болып тіркелген, 2013 жылғы 13 маусымдағы № 24 (535) "Қарақия" газетінде жарияланған) шешімінде:

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      4. Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 24/236 "Құрық ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2598 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 4 ақпанында жарияланған) шешімінде:

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексіне сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      5. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.04.2022 № 14/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады