Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі №05-10-795 ақпараттық хатының негізінде, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 82 "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Қарақия ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Қарақия ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3347 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Н.Танбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Танбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | Қ.Беков |