Атаусыз көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы әкімінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 285 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қарашада № 4345 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шетпе ауылының халқының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шетпе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Шетпе ауылының атаусыз көшелеріне келесідей атаулар берілсін:

      1) Қарашоқы шағын ауданында:

      бірінші көшеге – Есқали Айтыманов есімі;

      екінші көшеге – Аяпберген Әуезалиев есімі;

      2) Шетпе - 1 шағын ауданында:

      бірінші көшеге – Нұрғазы Еңсегенов есімі;

      3) Қызылтұран шағын ауданында:

      бірінші көшеге – Нұрым Иманқұлов есімі;

      екінші көшеге – Ораз Төребаев есімі;

      4) Базарлы шағын ауданында:

      бірінші көшеге – Сәрсенбі Медиманов есімі;

      екінші көшеге – Алдан Сейітмағанбетов есімі;

      үшінші көшеге – Оспан Шамғұлов есімі;

      төртінші көшеге – Сисенқұл Ұзақбаев есімі;

      бесінші көшеге - Қарағұл Шегебаев есімі;

      5) Бөгет шағын ауданында:

      бірінші көшеге – – Егдірбай Қилыбаев есімі;

      екінші көшеге – Қайыр Бөбетаев есімі;

      6) Ащыбұлақ шағын ауданында:

      бірінші көшеге – Бисенбі Әріпұлы есімі;

      екінші көшеге – Қази Қойтанов есімі;

      7) Жаңа орпа - 1 шағын ауданында:

      бірінші көшеге – Сүлеймен Тәшекенов есімі;

      екінші көшеге – Бораш Тақов есімі;

      үшінші көшеге – Оразаухан Ізбасарұлы есімі;

      төртінші көшеге – Исатай Сүйеубаев есімі;

      бесінші көшеге – Молдахан Бапанов есімі;

      алтыншы көшеге – Бөлекбай Жаңаев есімі;

      жетінші көшеге – Атабай Тәкенов есімі;

      сегізінші көшеге – Бисемағанбет Бәжбенұлы есімі;

      тоғызыншы көшеге – Медина Құбышев есімі.

      2. "Шетпе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман Б.Жамелбеков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Шетпе ауылы әкімінің аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шетпе ауылы әкімінің міндетін атқарушы А. Жанбуршиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады