Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 43/478 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 4418 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 14/151 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3175 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      2 қосымшада:

      реттік нөмірі 9 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

9

29 тамыз- Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтар

7 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

      ".

      2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Заханов
      Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы А. Сарбалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады