Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 05-10-796 ақпараттық хатының негізінде, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 33-қ "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Мұнайлы ауданының ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3302 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е. Оспан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Оспанға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Р. Елтизаров |