Әкімдіктің 2013 жылғы 16 қазандағы № 448 "Қостанай ауданының Затобол кентіндегі № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 128 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 9088 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 2 қаңтардағы № 235 "Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы" Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай ауданының Затобол кентіндегі № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" 2013 жылғы 16 қазандағы № 448 қаулысына (2013 жылғы 12 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4316 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары";

      ескерту алынып тасталсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады