Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 27 мамырдағы № 496 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 маусымда № 9251 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін:

      1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес ағаш шырындарын дайындау үшін;

      2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жанама орман пайдалану үшін;

      3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін;

      4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы Е. Әбіл
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

  Мәслихаттың
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 496 шешіміне
1 қосымша

Ағаш шырындарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері

Орман пайдалану түрлері

Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемесі (теңге)

Ағаш шырындарын дайындау (қайың шырыны)

гектар

2479

  Мәслихаттың
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 496 шешіміне
2 қосымша

Жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

Орман пайдалану түрлері

Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемесі (теңге)

Шөп шабу, оның ішінде шабындық жерлердің сапалы жай-күйінің топтары бойынша:



жақсы

гектар

2707

қанағаттанарлық

гектар

2030

нашар

гектар

1579

Мал жаю, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының топтары бойынша бір мал басының жайылымы:



Ірі мал: ірі қара мал, жылқы

бір бас

1263

Ірі қара малдың төлі

бір бас

631

Есек

бір бас

631

Ешкі

бір бас

1105

Қой

бір бас

316

Ара ұялары мен омарта орналастыру

1 омарта үшін

2255,7

  Мәслихаттың
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 496 шешіміне
3 қосымша

Қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері

Ағаш және бұта тұқымдарының атауы

Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Қайың

қабықтар

тонна

0,016

бұтақтар

тонна

0,032

томарлар

тонна

0,008

тамырлар

тонна

0,048

жапырақтар

тонна

0,024

бүршіктер

килограмм

0,016

2.

Қарағай

қабықтар

тонна

0,021

бұтақтар

тонна

0,042

томарлар

тонна

0,011

тамырлар

тонна

0,063

жапырақтар

тонна

0,032

бүршіктер

килограмм

0,021

3.

Көктерек, терек

қабықтар

тонна

0,011

бұтақтар

тонна

0,022

томарлар

тонна

0,01

тамырлар

тонна

0,033

жапырақтар

тонна

0,02

бүршіктер

килограмм

0,011

4.

Сары қарағанның, бұта тектес талдардың, шырғанақтың, жүзгіннің, шеңгелдің және өзге де бұталардың бұтақтары

тонна

0,024

  Мәслихаттың
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 496 шешіміне
4 қосымша

Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін төлемақы мөлшерлемелері

Орманды пайдалану түрлері

Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемесі (теңге, айлық есептік көрсеткіш)

Ұзақ мерзімді орман пайдалану

Ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін

гектар

0 теңге

Аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін

гектар

2255,7 теңге

Ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін

гектар

1127,8 теңге

Рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін

гектар

4413 теңге

Қысқа мерзімді орман пайдалану

Ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін

адамнан әрбір болған күн үшін

0,1 айлық есептік көрсеткіш

Рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін

адамнан әрбір болған күн үшін

0,1 айлық есептік көрсеткіш


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады