Әкімдіктің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 "Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 576 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 наурызда № 9071 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекетік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 қаулысына (2018 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7692 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 576 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 656 қаулысына
қосымша

Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      1. Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін Қостанай қаласының бюджетіне аудару нормативі былайша айқындалады:

таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

таза кіріс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін 2019 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде анықталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады