2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 426 "Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8656 болып тіркелген) Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы" 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1716 қаулысына (2018 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7966 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында, объектілер бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Рудненская көшесі – Карбышев көшесі шекараларындағы Юрий Гагарин көшесі;
С.Баймағамбетов көшесі – Абай даңғылы шекараларындағы Гоголь көшесі.".
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К. Ахметов |