Әкімдіктің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 70 "Қостанай қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 1721 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қазанда № 9510 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 70 (2018 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7498 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады