Мәслихаттың 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 318 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 457 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 мамырда № 9158 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 65 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 10.09.2021 № 65 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 318 шешіміне (2014 жылғы 28 қазанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5117 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрайымы Т. Абдрахманова
      Қалалық мәслихат хатшысы С. Байгужин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады