Әкімдіктің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 1170 "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Құс фабрикасы ғимараттарын газбен жабдықтау" объектісі бойынша газ реттеу пунктін салу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 394 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 мамырда № 9203 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Құс фабрикасы ғимараттарын газбен жабдықтау" объектісі бойынша газ реттеу пунктін салу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы" 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 1170 қаулының (2017 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7241 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Б. Гаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады