"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Құс фабрикасы ғимараттарын газбен жабдықтау" объектісі бойынша газ реттеу пунктін салу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 1170 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қазанда № 7241 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 394 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 20.05.2020 № 394 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы, Қостанай-Рудный автотрассасынан 36 шақырым мекенжайда орналасқан "Құс фабрикасы ғимараттарын газбен жабдықтау" объектісі бойынша газ реттеу пунктін салу үшін алаңы 0,0293 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитуты белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады