Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 473 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда № 9249 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына инженерлік желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында келесі:

      Рудный қаласы, Молодая Гвардия көшесі, 15 мекенжайы бойынша алаңы 1,3819 гектар;

      Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 118 мекенжайы бойынша алаңы 1,4777 гектар;

      Рудный қаласы, Ленин көшесі, 209 мекенжайы бойынша алаңы 2,4080 гектар;

      Рудный қаласы, Н.Ф. Сандригайло көшесі, 51 мекенжайы бойынша алаңы 2,1288 гектар;

      Рудный қаласы, Ленин көшесі, 93 мекенжайы бойынша алаңы 4,7128 гектар;

      Рудный қаласы, Ленин көшесі, 52 мекенжайы бойынша алаңы 5,8315 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Б. Гаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады