Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 шілдеде № 9323 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 09.12.2020 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 01-20/500 ұсынысы негізінде Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арқалық қаласы Ашутасты ауылының аумағында орналасқан Тәуелсіздіктің 10 жылдығы, Академиялық, Школный, Ы. Алтынсарин, Интернационалдық, А. Құнанбаев, Олимпийский, Централный көшелерінде ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ашутасты ауылдық округінің әкімі А. Турганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады