2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 335 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қазанда № 9505 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Арқалық қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі К. Абишев

  Әкімдіктің
2020 жылғы 16 қазандағы
№ 335 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Арқалық қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Арқалық қаласы Ашутасты ауылы

"Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Гүлдер" Ашутасты бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

30693

3 жасқа дейін 5740
3 жастан бастап 6970

2

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Раушан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

220

29622

3 жасқа дейін 12300
3 жастан бастап 13325

3

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

120

29622

3 жастан бастап 13325

4

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық және жалпы дамулық типті "Золотой ключик" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

240

38903

3 жасқа дейін 13325
3 жастан бастап 14350

5

Арқалық қаласы

Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Алпамыс" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

110

29622

3 жасқа дейін 12300
3 жастан бастап 13325

6

Арқалық қаласы Фурманов ауылы

"Арқалық қаласы Фурманов ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" Фурманов балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

60

30693

3 жастан бастап 7175

7

Арқалық қаласы

"Балдырған А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

29622

3 жасқа дейін 12300
3 жастан бастап 13325


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады