"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 01-20/1072 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Екідің ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арқалық қаласы Екідің ауылында орналасқан "Азамат-А" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал құтырығы ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Екідің ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 23 шілдедегі № 2 шешімінің (2020 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9340 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екідің ауылының әкімі | Д. Бейсенов |