Әкімдіктің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 362 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қазанда № 9509 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лисаков қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 қаулысына (2011 жылғы 17 ақпанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-179 болып тіркелген) Лисаков қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Исмагулов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 362 қаулысына
қосымша
  Әкімдіктің
2011 жылғы 16 ақпандағы
№ 86 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Лисаков қаласы

1-шағын аудан:
№ 10 өндірістік ғимараттың жанындағы тұғырлық,
№ 3 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық,
№ 32 коммуналдық қызмет көрсету нысаны жанындағы тұғырлық
2-шағын аудан:
№ 32 сауда нысаны жанындағы тұғырлық
3-шағын аудан:
№ 2 А сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
№ 26 сауда нысаны жанындағы тұғырлық
4-шағын аудан:
№ 26 сауда нысаны жанындағы тұғырлық
5-шағын аудан:
№ 4 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық
6-шағын аудан:
№ 1 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық,
№ 1 А сауда нысаны жанындағы тұғырлық
7-шағын аудан:
№ 8 А қоғамдық ұйым нысаны жанындағы тұғырлық

2

Октябрь кенті

"Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тұғырлық,
Алматы көшесіндегі № 31 сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
Уральская көшесіндегі № 62 В сауда нысаны жанындағы тұғырлық

3

Красногор ауылы

Парковая көшесіндегі № 7/1 сауда нысаны жанындағы хабарландыру тақтасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады