Әкімнің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 2 "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қарашада № 9548 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 13.05.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша Әулиекөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудан әкімінің "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 27 наурыздағы № 2 шешіміне (2020 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша Әулиекөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      № 247, № 249, № 256, № 263, № 274, № 276, № 277, № 279, № 282, № 284, № 285 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 247 сайлау учаскесі

      Москалев ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Москалев ауылы, Апрельский көшесі, 22 Б үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.";

      "№ 249 сайлау учаскесі

      Қ. Тұрғымбаев ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қ. Тұрғымбаев ауылы, Алтынсарин көшесі, 2-үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Целинный бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.";

      "№ 256 сайлау учаскесі

      Сосновка ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Сосновка ауылы, № 5 көше, 11-үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сосновка негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.";

      "№ 263 сайлау учаскесі

      Федосеевка ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Федосеевка ауылы, Баймағамбетов көшесі, 111-үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Федосеев негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.";

      "№ 274 сайлау учаскесі

      Әулиекөл ауылының шекараларында: Алтынсарин, Уәлиханов, Гагарин, Байқұлақ батырдың атындағы, Западный, Сұлтан Еркімбаев атындағы, Мамедов, Омаров, Пушкин, Қуаныш Шамшиев, Южный, Байтұрсынов 1-56, 1 Май 1-36, Космонавтар көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 Б үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.";

      "№ 276 сайлау учаскесі

      Әулиекөл ауылының шекараларында: Саржетім Қарабалуан батырдың атындағы, 1 Май 37-101, Мир, Молодежный, Набережный, Родниковый, Сьянов, Чкалов, Әуэзов, Озерный көшелері, Баймағамбетов көшесінің тақ жағы 1-71, жұп жағы 2-76, Қостанай көшесінің жұп жағы 30-160/2, тақ жағы 81-207.

      Учаскенің орналасқан жері: Әулиекөл ауылы, Баймағамбетов көшесі, 27-үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.";

      "№ 277 сайлау учаскесі

      Әулиекөл ауылының шекараларында: 50 лет ВЛКСМ, Абай, Березовый, Салық Молдахметов, Восточный, Жамбыл, Дружба, Заводской, Медет Досымханов, Киров, Лермонтов, Новый, Песчанная, Пионерский, Прибрежный, Рабочий, Мұқаш Тойқожаұлының атындағы, Спортивный, Терешкова, Трудовой, Тұрғымбаев, Фаризов, Целинный, Шаяхметов, Энергетиктер көшелері, Баймағамбетов көшесінің тақ жағы 73-129 А, жұп жағы 78-96.

      Учаскенің орналасқан жері: Әулиекөл ауылы, Тұрғымбаев көшесі, 21-үй, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты.";

      "№ 279 сайлау учаскесі

      Аманқарағай ауылының шекараларында: Энтузиаст, Пацаев, Школьный, Пристанционный, Павлов, Герцен, Гвардейская, Суворов, Нефтяников, Кутузов, Чехова, Железнодорожный, Горький, Таран, № 1 көшелері, Қостанай көшесінің тақ жағы 1-39В, жұп жағы 2-46.

      Учаскенің орналасқан жері: Аманқарағай ауылы, Комсомольский көшесі, 3-үй, "Тамаша" демалыс орталығының ғимараты.";

      "№ 282 сайлау учаскесі

      Құсмұрын кентінің шекараларында: Гастелло 13-62, Шахтерский, Баймағамбетов, Дзержинский, Зеленый, Луговой, Фадеев, Деповский, Вагонный, № 1, Путевой көшелері, Степной көшесінің жұп жағы 116-146, тақ жағы 153-193, Свиридов көшесінің жұп жағы 152-196, тақ жағы 169-221, Кутузов көшесінің жұп жағы 158-208, тақ жағы 181-239, Суворов көшесінің жұп жағы 160-214, тақ жағы 179-231, Горький көшесінің жұп жағы 124-174, тақ жағы 195-259, Ленин көшесінің тақ жағы 83-149, жұп жағы 120-184, К. Маркс көшесінің жұп жағы 50-94, тақ жағы 75А-171, Матросов, Фрунзе, Шевченко тұйық көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Құсмұрын кенті, К. Маркс көшесі, 54-үй, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" филиалы ғимараты.";

      "№ 284 сайлау учаскесі

      Құсмұрын кентінің шекараларында: Спортивный, Омаров, Уалиханов, Буденный, Панфилов, Советский, Строительный, Щорс, Гоголь, Чкалов, Сенный, Пушкин, Караганский, Разведчиктер, Дорожников, Южный, Закарьерный көшелері, Калинин көшесінің тақ жағы 31-37.

      Учаскенің орналасқан жері: Құсмұрын кенті, Ленин көшесі, 59-үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.";

      "№ 285 сайлау учаскесі

      Құсмұрын кентінің шекараларында: Абай 1-17, Пришкольный 1-17, Чапаев, Орджоникидзе, Комсомол, Жамбыл, Фурманов, Сериков көшелері, Калинин көшесінің тақ жағы 1-19А, жұп жағы 2-30, Степной көшесінің тақ жағы 1-69, жұп жағы 2-48, Кутузов көшесінің тақ жағы 1-103, жұп жағы 2-82, Суворов көшесінің тақ жағы 1-95, жұп жағы 2-82, Горький көшесінің тақ жағы 1-99, жұп жағы 2-76, Ленин көшесінің тақ жағы 1-53, жұп жағы 2-84, К. Маркс көшесінің тақ жағы 1-59, жұп жағы 2-16, Свиридов көшесінің тақ жағы 1-83, жұп жағы 2-78, Военный Городок, Киров тұйық көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Құсмұрын кенті, Ленин көшесі, 55-үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 121 Құсмұрын орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.";

      "№ 287 сайлау учаскесі" сөз тіркесі "№ 288 сайлау учаскесі" сөз тіркесіне өзгертілсін.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Теменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады