2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 90 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 мамырда № 9192 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Денисов ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Б. Нургалиев

  Әкімдіктің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 90 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Денисов ауданы Перелески ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Балдаурен" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

100

47 610

үш жасқа дейін 6 700
үш жастан бастап 7 000

2

Денисов ауданы Денисовка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 1 бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

85

58 242

үш жасқа дейін 6 700
үш жастан бастап 7 000

3

Денисов ауданы Денисовка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 40 бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

132

55 506

үш жасқа дейін 6 700
үш жастан бастап 7 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады