2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Денисов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, коммуналдық тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында, Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі Денисовка және Некрасовка ауылдарының аумағында орналасқан жалпы алаңы 17,0 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауылдық округінің әкімі | В. Наконечный |