Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылы әкімінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қазанда № 9532 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Глебовка ауылының әкіміШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, коммуналдық тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында, Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 1,8309 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Денисов ауданының Глебовка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының Глебовка ауылының әкімі Р. Турганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады