Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 30.11.2023 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Айткужинов |
Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы | А. Кабиев |
Мәслихаттың 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 394 шешіміне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Мүктікөл ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Мүктікөл ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Мүктікөл ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Мүктікөл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Мүктікөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Мүктікөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Мүктікөл ауылдық округінің әкімінің аппаратына беріледі.
Мәслихаттың 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 394 шешіміне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдер сандық құрамы
№ | Елді мекенінің, көшенің атауы | Өкілдер саны (адам) |
1 | Мүктікөл ауылы | 15 |
Животноводческая көшесі | 2 | |
Торговая көшесі | 3 | |
Ленина көшесі | 1 | |
Урожайная көшесі | 2 | |
Семенюка көшесі | 3 | |
Новая көшесі | 2 | |
Набережная көшесі | 1 | |
Клубная көшесі | 1 | |
2 | Тимирязев ауылы | 3 |
Джамбула көшесі | 1 | |
Чехова көшесі | 1 | |
Садовая көшесі | 1 | |
3 | Волгоград ауылы | 1 |
Советская көшесі | 1 | |
Барлығы: | 19 |