2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 63 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 9110 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлiмі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Г. Бекмухамедов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 13 сәуірдегі
№ 63 қаулысына
қосымша

2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы

     


Жылдар

1-қаша

2-қаша

3-қаша

4-қаша

2020

көктемгі-жазғы мезгіл 1

жазғы мезгіл 2

күзгі мезгіл 3

демалатын қаша

2021

демалатын қаша

көктемгі-жазғы мезгіл 1

жазғы мезгіл 2

күзгі мезгіл 3

      Ескертпе: 1, 2, 3, 4 - жылына қашаны пайдалану кезегі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады